Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында:
Жаңажол ауылдық Мәдениет үйінде, ауыл кітапханашысы мен клуб ұжымы және әкімшілік ұжымымен бірлесе отырып «Әлемді тербеткен -Ана» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен аруларын кешке шақырылды. Ауыл әкімі Кенжалин Сабит Мұратұлы аналар мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын тарту етті. Ауыл өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!
@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@serik_batyrguzhinov
@kinaiat.talipov
@bayanaul_aqparat