«Үміт үзгім келмейді» атты бейне-салон.

Жазушы ,аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Келимбетовтің туғанына 85 жыл толуына орай Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында «Үміт үзгім келмейді » атты мәдениет үй қызметкерлерінің қатысуымен бейне-салон өткізілді.

Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологында:
Махаббатты, адалдықты арқау еткен туындыда өмір үшін күрескен, ауыр науқасқа шалдығып, жұлынына күрделі нейрохирургиялық операция жасатуға келісім берген Ержанның өлім мен өмірдің арасында жатқан шарасыз күйі суреттеледі. Өйткені, адамның ең нәзік жерінің бірі – жұлын. Оған жасалынатын күрделі отадан кейін адамның тірі қалу-қалмауы екіталай. Аман шыққан науқастың өзі тозақ отын кешіп келгендей азап шегеді. Міне, осындай үлкен тәуекелге барған шығарманың бас қаһарманы Ержан жарық дүниеде болғанның, төрт аяғың жер басып жүргеннің өзі үлкен бақыт екенін біледі. Өткенін ой елегінен өткізеді. Сөйтсе күйбең тірлікте өзі үшін маңызды көп дүниені ескермеген екен.Шығарма Ержанның ауруханадағы ой-толғаныстары арқылы осы  ақиқатты түсіндіреді, бақытты қалай, немен өлшеу керектігін керемет ұғындырады.

 

@shahmetova_sholpan
@samal_balgabaikyzy
@bayanaul_aqparat

INSTAGRAM