Баянауыл орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен Павлодарлық ақын, жазушы, сондай-ақ балалар әлеміне қалам тартқан, көптеген қызықты шығармалардың авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі – Ольга Николаевна Григорьеваның мерейлі 65 жылдығына арналған «Балалық шақ досы» атты дауыстап оқу сағаты өтті.
Кештің құрметті қонақтары біздің кітапханамыздың достары мен оқырмандары – Шакен Айманов атындағы мектеп-интернатының оқушылары.
Кеш барысында балалар Ольга Николаевнаның кітаптарынан сүйікті өлеңдерін оқыды.