Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасы. «Әлемге әйгілі — Әуезов» атты әдеби кеш.

2022 жылдың 27 қыркүйек күні .Қ. Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасы қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Әлемге әйгілі — Әуезов» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Шараға Ш. Айманов атындағы №4 мектеп интернатының оқушылары және өнер мектебінің ақындар сыныбының ұстазы Пәзіл Жеңіспек қатысты.Көрермендерге Әуезовтің шығармашылығын насихаттайтын слайд таныстырылды. «Әуезов ғұмырнамасы» кинофильмінен үзінді көрсетіліп, М.Әуезовтің жанды даусы тыңдалып, тыңдаушылар ерекше әсерге бөленді. «Естеліктер сыр шертеді» тақырыбында М.Әуезовтің мұражай үйі тамашаланды.Мақсаты : М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, сонымен қатар біздің кітапханамыздың қорындағы жазушы туралы барлық әдебиеттерді ұсыну.
Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалынды көрмеде энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және жазушы туралы әдебиеттерімен таныстырылды.

 

INSTAGRAM