«Оқы, жаса, қара» атты тақырыпта Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі жаңадан келіп түскен балаларға арналған әдебиеттерге библиофреш өткізді.
Мақсаты: Балаларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, білімнің кітап оқу арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыра отырып, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, жаңа түскен оқулықтарды насихаттау.