Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ана – бала үшін ең қымбат жан. Түн ұйқысын төрт бөліп баласына деген мейірімін, махаббатын, ақ сүтін беріп асырайды. Ананың мейірімі жан – жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Наурыздың 6 – шы жұлдызы 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен «Сиқырлы әлем» клуб аясында «Ана – өмір гүлі, Анаға сыйлық» атты поэтикалық көңіл күй сағаты өткізілді. Шараға З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6 «а, ә» сынып оқушыларының қатысуымен мерекеге орай мектеп оқушылары аналарына арнап сыйлықтарын жасап, өлең шумақ жолдарын арнап, ізгі тілектерін білдірді.