8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні.

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Бұл күні барша жұрт аналарын, апа-әжелерін, қарындастарын, әпке-сіңілілерін жалпы барлық әйелдер қауымын құттықтайды. Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесіне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіршіліктің тұтқасы-Аналар» атты көп жыл кітапхана саласында еңбек етіп, өз үлестерін қосқан зейнеткер — ардагерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Күлжан Бақытжан мен ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Адамбеков Бауыржан, «Беу жігіттер» ансамблінің мүшесі Есмақаев Мәди, Ш.Айманов атындағы мектебінің қазақ -әдебиет пәнінің мұғалімі Ахатов Танат қатысты.Шара барысында Е.Мәди мен мұғалім Ахатов Танат домбырамен аналарға арналған әндерінен тарту етті.Сонымен қатар, Аудандық кітапханасының кітапханашысы Желкобаева Диана «Ана туралы жыр» атты әңді орындады. Шарамыздың қонақтары мен қатысушылары барша аналар мен әйелдер қауымына ізгі ниеттерін білдіріп, құттықтады.