«Еңбекпен өрнектелген ғұмыр» атты тарихи кеш.

Торайғыр ауыл кітапханасында, ғұлама ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, педагог, дәрігер, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Еңбекпен өрнектелген ғұмыр» атты оқушылардың қатысуымен тарихи кеші өткізілді. Кеш барысында елі үшін аянбай еңбек еткен қоғам қайраткері, ғұлама ғалымның мұралары, өмірі мен шығармашылығы және еңбектері жайлы айтылды. Мақсаты: Халел Досмұхамедовтың еңбегіне баға беру, болашақ жас ұрпақты рухани тәрбиелеу. Х.Досмұхамедов Алаш  қайраткерлерінің арасынан қазақ тарихы туралы кұңды еңбектер қалдырған айрықша тұлғалардың бірі.