«Тарихтан тұнған рәміздер» атты бейне-викторина.

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – Мемлекеттік рәміздер күніне орай 2 маусым күні Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде «Тарихтан тұнған рәміздер» атты бейне-викторина өткізілді. Оқырмандардың мемлекетіміздің рәміздер туралы білімдерін толықтырып, құрметтеуге баулу үшін шара ҚР-ның  әнұранынан бастау алды. Шара барысында елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерді қадір тұту болып табылатыны жайлы насихатталды.

Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ендеше еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

 

                          

 

INSTAGRAM