Ананы сөзсіз жақсы көру, әлбетте дұрыс. Ал әр отбасының тірегі – әкелерді құрметтеу, әкелік рухты ұлықтау аса маңызды. Әкелер күні балаларға әкелердің маңыздылығын және олардың баға жетпес үлесін түсінуге мүмкіндік береді. Осы орайда,14 маусым күні, халықаралық әкелер күніне орай Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде, Лекер жалпы негізгі мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің «Достық» тобының қатысуымен «Әке – шаңырақтың тірегі» атты әке туралы сурет салынып, бейне ролик тамашаланды. Шара балалардың эмоционалды дамуы және әкесімен байланысты нығайту мақсатында өткізілді.