«Оқитын балалар барлығынан ақылды» атты кітап әлеміне саяхат.

Қ. Исабай атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімі балабақша бүлдіршіндеріне «Болашаққа кітаппен барар жол» жобасы аясында «Оқитын балалар барлығынан ақылды» атты кітап әлеміне саяхат өткізді.

Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар: бүктемелі кітапшалар, дыбысты сөйлейтін кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме-ашылмалы панорама кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және тағы басқаларымен таныстырылып, балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. Бүлдіршіндермен бірге сұрақ – жауап арқылы қандай ертегілерді білетіндері тексерілді.

Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

 

        

 

INSTAGRAM

FACEBOOK