27 қазан күні Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық
кітапханасында қазақтың ақыны, ағартушы-демократы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына
орай «Алаштың ардақ ақыны» атты әдеби поэзиялық кеш өткізілді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында
өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші
ағартушы. Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп,
ерекше көзге түскен бірден-бір ақын.
Аталмыш шарада «Арманы тұрар жаңғырып, ақиық ақын мәңгілік»
атты кітап көрмесіне шолу өткізілді. Шара барысында оқушылар
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат
алып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.