Әбусейітов Суат Әуезбекұлы (1929-1992)

4.11.1929, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 7.11.1992, Алматы — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1981). Алматы консерваториясын (А.М. Кургановтың класы бойынша) бітірген (1949). 1949—55 ж. “Қазақфильмде”, 1955-63 ж. Қазақ ән-би ансамблінде, 1963 жылдан Қазақтелевизиясы мен радиосының эстрадалық оркестрінде әнші болды. Әбусейітов әншілік өнерде өз орындаушылық мәнерін танытты. Оның орындауындағы “Екі жирен” немесе “Жеңеше” әндері ешбір әншіге ұқсамайтын баяу-нақышымен есте қалды. Әбусейітовтың репертуарында Қазақстан композиторларының “Тербеледі тың дала”, “Алатау”, “Баянауыл”, “Ауылым”, орыс классиктері П.И. Чайковскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың романстары болды. 1957 ж. Мәскеуде өткен Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің лауреаты. “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.

 

Әдебиеттер:

Әбусейітов Суат // Баянаула перзенттері. 1-кітап. – Павлодар,2008. – 405 б.

Әбусейітов Суат // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 190 б.

Өнердің қос қанаты //Қ.М.Алдабергенов Бір туар дара тұлғалар.- Павлодар «Университет баспа орталығы»,2003. – 303 – 309 б.

Әбусейітов Суат Әуезбекұлы// Қазақ өнері: энциклопедия.-Алматы,2002.- 80 б.

Суат Әуезбекұлы Әбусейітов (1929-1992) // Момынұлы П. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы. Т.3. – Алматы-Шымкент, 2007. – 167 б.

* * * * *

Әбусейітов Қ.Туған ел: Суатыма (Өлеңдер)/ Қ. Әбусейітов// Сарыарқа самалы.- 1997. – 18 ақпан.