Аймауытов Жүсіпбек (1889 – 1930)

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1930 жылы өлім жазасына кесіледі. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.

Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, «Көшу» өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, «Ұршық» өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді. «Нұр күйі» поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады. Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы – прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.

Ж.Аймауытов – көп жыл ұмыт болып, туған халқымен кеш табысқан қайраткер, сондықтан да оның есімі кейінгі толық ұрпақ үшін аса қымбат. Бүгінде Баянауылдағы бір шаруашылық, орта мектеп оның есімімен аталуы – жазушыға көрсетілген құрмет белгісі. Павлодар облыстық қазақ драма театрының Жүсіпбек Аймауытов есімімен аталуы да өте құптарлық.

 

Әдебиеттер:

Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жібек жолы, 2002.
Т.1: Өлеңдер мен поэмалар, пьесалар. – 208 б.
Т.2. Романдары. 2003. – 312 б.
Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жібек жолы, 2005.
Т.3. Повесть, әңгіме, аудармалары. – 2005. – 304 б.
Аймауытов Ж. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, 2013
Т.1: Пьесалар, өлеңдер. – 384 б.

Т.2: Романдар. – 384 б.
Т.3: Повесть пен әңгімелер, аудармалар. – 384 б.
Т.4: Психология, жан жүйесі мен өнер тандау. – 384 б.
Т.5: Тәрбиеге жетекші. Жаңа ауыл (оқу құралдары). – 384 б.

Т.6: «Комплекспен оқыту жолдары» (оқу әдістеме), мақалалар, хаттар. – 384 б.
Аймауытов Ж. Ақбілек: роман. – Алматы: Атамұра, 2003. – 240 б.- (Атамұра кітапханасы)
Аймауытов Ж. Ақбілек: роман. – Алматы: Раритет, 2003. – 240 б. – (Қазақ прозасы қазынасынан)

Аймауытов Ж. Ақбілек: романдар. – Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2013. – 320 б. – (Абай клубы)
Аймауытов Ж. Ақбілек: роман, повесть, әңгіме. – Астана: Елорда, 1998. – 324 б.

Аймауытов Ж. Күнікейдің жазығы. – Алматы: «Олжас кітапханасы» Баспа үйі. – 2012. – 176 б.

Аймауытов Ж. Шығармалар жинағы / құраст. Г. Мұкышева. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2012. – 304 б.

Аймауытов Ж. Жаман тымақ: өлеңдер, жұмбақтар, әңгімелер, ертегілер / құраст. Р. Тұрысбеков. – Алматы: Балауса, 1992. – 48 б.
Аймауытов Ж. Мен қалай үйлендім?: әңгімелер / құраст.: Д. Әшімханұлы, Н. Қуантайұлы. – Астана: Таным, 2003. – 78 б.
Аймауытов Ж. Шернияз: пьесалар жинағы / құраст. Б. Құндақбаев. – Алматы: Өнер, 1990. – 336 б.
Аймауытов Ж. Шығармалары: романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар / құраст.: М. Атымов, К. Керейқұлов. – Алматы: Жазушы, 1989. – 560 б.
Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы: естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар / құраст. Д. Әшімханов. – Алматы: Жалын, 1992. – 264 – 300 б.
Аймауытов Ж. Романдар. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 376 б. – (Алтын қалам)

* * * * *

Аймауытов Ж. Әнші: әңгіме // Жас қазақ. – 2012. – №13. – 10 б.

Аймауытов Ж. Жан жүйесі // Лениншіл жас. – 1989. – 14 октябрь

Аймауытов Ж. Елес // Найзатас. – 2014. – №3. – 4 – 9 б.

Аймауытов Ж. Елеусіз ерлер // Найзатас. – 2013. – №1. – 94 – 103 б.

Аймауытов Ж. Ұлтты сүю // Ақиқат. – 2013. – №6. – 3 – 5 б.

* * * *

Аймауытов Жүсіпбек Оймауытұлы // Баянаула перзенттері. – Павлодар, 2008. – 26 б.

Жүсіпбек Аймауытов. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 126 б. – (Кереку-Баян кітапханасы, 11 кітап)

Жүсіпбек Аймауытов // Әбентегі Қ.М. Рух нәрі – ұлы сөз.– Павлодар: ЭКО, 2009. –116-120 б.

Жүсіпбек Аймауытов // Есім Ғарифолла. Жар жағасы: философиялық новеллалар мен эсселер. – Алматы, 2007. – 201 – 202 б.
Жүсіпбек Аймауытов // Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. Он томдық. – Алматы, 2009. – Т.6 .- 72 – 84 б.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1930) // Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен: зерттеулер, мақалалар, естеліктер. – Астана, 2002. – 114 – 169 б.
Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы: Қазақ ССР«Білім» қоғамы, 1990. – 36 б.

Өнегелі өмір //Дала даналары. – Алматы,2001. – 526 – 540 б.
Сағынбекұлы Р. Жүсіпбек (Өмірі мен қаламгерлік қызметі): Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.

Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) // Елтұтқа. – Астана,2001. – 284 – 286 б.
Суреткер, драматург, ғалым (Жүсіпбек Аймауытов) // Алдабергенов Қ. М. Қ., Арын Е. М., Баткеева Б. Т. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, 187 – 193  б.

* * * * *

Артықбаев Ж. «Күнікейдің жазығы» – қазақ тағдыры туралы шығарма : (Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 125 жыл) // Сарыарқа самалы. – 2014. – 24 сәуір. – 19 б.

Асқарұлы Х. Соққан жүрегі : (Ж.Аймауытовтың туғанына – 110 жыл) // Сарыарқа самалы. – 1999. – 23 қараша

Атымов М. Ж.Аймауытов творчествосының жиналуы мен зерттелуі жайлы // Қызыл Ту. – 30 ноябрь

Әміре Ф. Алаштың айбозы // Сарыарқа самалы. – 2014. – 20 қыркүйек. – 1 – 2 б.

Байбосын С. Алаштың айбозы Аймауытовқа туған елінде ескерткіш қойылды // Жас алаш. – 2011. – 1 қараша. – 3 б.

Байбосын С. Алаштың айбозы – Аймауытовқа ескерткіш қойылды //Сарыарқа самалы. – 2011. – 29 қазан. – 5 б.

Байбосын С. Алаштың Аймауытовтың іздейтін кім бар? : (жазушы қатысты кейбір деректер) // Қазақ әдебиеті. – 2014. – №6. – 8 б.

Байбосын С. Жүсіпбектің мерейтойын өзі оқыған білім ордасы бірінші боп бастады // Сарыарқа самалы. – 2014. – 26 сәуір. – 5 б.

Байғалиев Б. Жазушы, ғалым, қоғам қайраткер // Қызыл Ту. – 14 октябрь

Дәуренбеков М. Ел талантымен табысты : (Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 100 жыл) // Қызыл Ту. – 20 октябрь

Еспенбетов А. Жүсіпбек Аймауытов және Семей баспасөзі // Қазақ әдебиеті. – 2009. – №52. – 15 б.

Жақсыбаев С. Аймауытов қай жылы туған? // Сарыарқа самалы. – 2014. – 29 наурыз. – 6 б.

Жақсылықова Ж. «Артымда қыруар елім бар, Өлсе де денем – мен өлмен!» // Сарыарқа самалы. – 2014. – 2 қазан. – 2 б.

Қани А. Аймауытовтың ізімен // Сарыарқа самалы. – 2014. – 16 қыркүйек. – 5 б.

Қадырова Л. Жүсіпбек Аймауытовтың Семейдегі кездері // Сарыарқа самалы. – 2014. – 16 қыркүйек. – 8 б.

Қожакеев Т. Жүсіпбек және жастар // Лениншіл жас. – 1989. – 16 февраль

Қуантайұлы Н. Алаш Орда баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытұлы // Сарыарқа самалы. – 2014. – 16 қыркүйек. – 10 б.

Құрманбайұлы Ш. Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ терминологиясы // Қазақ әдебиеті. – 2008. – № 29-30. – 20 – 21 б.

Қыздарбек Е. «Жүсіпбек – алаштың ардақтысы» // Сарыарқа самалы. – 2014. – 23 қыркүйек. – 3 б.

Мекебаева Л. Ж.Аймауытұлы әңгімелері және замана шыңдығы // Ақиқат. – 2014. – №5. – 102 – 104 б.

Молдайып С. «…Артымда қыруар елім бар, Өлсе де денем – мен өлмен!» // Сарыарқа самалы. – 2014. – 22 шілде. – 4 б.

Молдайып С. Олардың ізі қалған // Сарыарқа самалы. – 2014. – 16 қыркүйек. – 9 б.

Өтебаев Е. Педагог – жазушы // Қызыл Ту. – 1989. – 11 октябрь(№195)

Сатаев А. Жүсіпбек романындағы жаңашылдық // Ақиқат. – 2009. – №5. – 75 бет.

Сыздықов Қ. Жүсіпбек және Сұлтанмахмұт // Жеңіс. – 1989. – 17 октябрь. – 3 б.

Теміртасқызы Л. Кемеңгер қаламгерге жерлестерінің құрметі // Баянтау. – 2014. – 26 қыркүйек. – 1,5 б.

Тойшанұлы А. «Мен – Жүсіпбектің ұлымын!»: Бектұр Аймауытовтың ақырғы сұхбаты // Дала мен қала. – 2011. – 30 мамыр. – 11 бет.

Тұрысбек Р. «Елі үшін күйген, құрбан болған…» // Ана тілі. – 2014. – №15(17-23 сәүір). – 6 – 7 б.

Тұрысбек Р. «Елі үшін күйген, құрбан болған…» // Сарыарқа самалы. – 2014. – 27 мамыр. – 4 – 5 б.

Тұрысбек Р. Ұлттық проза және «Ақбілек» әлемі : («Ақбілек» романының жазулы-жариялану тарихы мен көркемдік-эстетикалық құндылықтары) // Ақиқат. – 2010. – № 12. – 58 – 63 б.

Жүсіпбек Аймауытов: библиографиялық көрсеткіш = Жусупбек Аймаутов: библиографический указатель / С.Торайғыров атындағы ОӘҒК. ООУНБ им. С.Торагырова. – Павлодар: ЭКО, 2011. – 164 б., қазақша, орысша