– белгілі қазақ тарихшысы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі. Көп жылдар бойы профессор, ҚазМҰУ-дің тарих кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Ол Қазақстанның ХІХ ғасыр басындағы әлеуметтік экономикалық және саяси өмірін жан-жақты зерттеген. Көзі тірісінде оған Қазақстан тарихын бұрмалады деген айып тағылып, репрессияға ұшырады. Бірақ ол тарихты принципті түрде, шындықпен айтқан еді.
Е.Бекмаханов 1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1921 жылы әкесінен айырылады. Қазақ батыры құрметіне Жасыбай деп аталатын туған ауылында алғаш хат танып, көзін ашты. 11 жасында Баянауылдағы бастауыш мектепке түседі. 7 жылдықты 1932 жылы бітірген Ермұқан жоғары оқу орындарына дайындайтын бір жылдық дайындық курсына (Семейдегі), одан 1933 жылы Воронеж педагогикалык институтының тарих факультетіне оқуға түседі.
1937 жылы Воронеж педагогикалық институтын бітірген Е.Бекмахановты РСФСР Халық Комиссариатының нұсқауымен Қазақстанға жүмысқа жібереді. Алғашында ол Алматыдағы № 28 мектепке тарих пәнінен сабақ береді. Кейіннен ғылыми жұмыстар атқарады.Соңында Қазақ ССР-і Халық ағарту комиссариаты жанындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директорлығына бекітіледі.
Ғалым өзінің жаңа «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деген монографиясына кіріспес бұрын архивтік құжаттарды ақтарып, ел аралап материал жинайды.
Соғыс жылдары Халық ағарту комиссариаты басқармасн басқарды, сонымен қатар Қазақстан КП ОК-нің лекторы(1941-1946) болып қызмет істеген. 1946 жылдың күзінде ССРО Ғылым Академиясы тарих институты білім кеңесінің алдында осы монографиясын докторлық диссертациясының тақырыбы етіп алып, ойдағыдай қорғап шығады.
1945-1947 жылы Қазақ кср ҒА-ның тарих,археолгия және этнография иниститутының ағағылыми қызметкері, директорының орынбасары қызметін атқарады. Ұтқындаудың алдында машинка қағазымен 800 беттік 1951-1952 жылдары жазған монографиясын тартып алып қойған еді. Бір жыл ішінде ол материалды қайта жинап, жаңа монографиясын жазуға кіріседі.
Тек 1955 жылдың қыркүйек айында ғана ол ҚазМҰУ-ға оқытушылық қызметке алынады. Көптеген ҚазМҰУ мен ҚазПИ-дің студенттері оны қорғап шығады. Бірақ бекер еді. Бір студент оқудан шығарылып, қалғаны ескерту алады. 1957 жылы Бекмахановтың «Қазақстанның Россияға қосылуы» деген монографиясы жарық көреді. Осы еңбегімен екінші рет докторлық диссертация қорғайды. 1958 жылы кафедра меңгерушісі болады.
Бекмахановтың инициативасымен «Қазақстан тарихы» бойынша арнайы дайындайтын аспирантура ашылып, арнайы оқу кеңесі құрылады. Тек ғалымның өзінің басшылығымен аз уақыт ішінде 20 шақты ғылым кандидаттары дайындалады. Кафедрада өзгеріс енгізеді.
1959 жылы ол мектептерге арнап Қазақстан тарихынан оқулық жазады. Ол 30 жыл ішінде бірнеше рет баспа жүзін көрді. «Қазақ ССР тарихы хрестоматиясы» жазылып, «XIX ғасырдағы Қазақстан тарих-тарының очерктері» атты оқулық шығарылады. Сөйтіп, ғалым көптеген адамдардың ілтипатына бөленеді. 1962 жылы республика Ғылым Академиясының корреспондент мүшелігіне сайланады. Қорыта келгенде Ермұқан Бекмаханов тарихта тек даңқ іздеуші емес, ең алдымен шыңдықты зерттеуші болған.
2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші орнатылды.
Баянауыл ауданың Ұзынбұлақ ауылындағы жалпы орта білім беру мектебіне Е.Бекмаханов есімі берілген.
Әдебиеттер:
Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында: оқу құралы. – Алматы: Санат,1994. – 416 б.
Бекмаханов Е.Шығармалар. Жеті томдық. – Павлодар, 2005
Т.1.: Ғылымның өмірі мен қызметі және Қазақстан тарихы. – 214 б.
Т.7.: Естеліктер.– 238 б.
Сәрсеке М. Ермұхан Бекмаханов Ғұмырнама. / М.Сәрсеке – Астана, 2010. – 672 б.
Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы // Баянаула перзенттері. – 2-кітап. – 2008. 1 К. – 28 б.
Бекмаханов Ермұхан // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 240 б.
Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – 4 т.-Алматы, 1988. — Зт. – 13 6.
Бекмаханов Ермұқан // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – 10 т.- Алматы, 1999. — 2 т. – 257 б.
Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер. – Алматы,2005. – 224 б.
Ермұхан Бекмаханов // Артықбаев Ж. Баянауыл. – Астана, 2009. — 217 б.
Тарих ғылымының ерен тұлғасы // Алдабергенов Қ.М. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, 2003. – 78 — 82 б.
* * * * *
Ақышев З. Асыл азамат // Сарыарқа самалы. – 2005. – 3 ақпан. – 4 б.
Арын Е. Теріс идеологияға илікпеген тарихшы / Е.Арын., А.Нухулы. – Сарыарқа самалы. – 2003. — 10 маусым. – 5 б.
Әбенұлы Т. Еркіндік рухына толы еңбек // Қазақ тарихы. — 1993.- N2. – 39 – 42 6.
Әлмәшұлы Жолтай. Жүз жас: (І.Есенберлин, Е.Бекмаханов, Ж.Тәшенов туралы) // Егемен Қазақстан. – 2015. – 30 қазан. – 5 б.
Бекмамедова Халима. Ерекендей жігітпен бірге өмір сүрген мен бақытты әйелмін // Жұлдыздар отбасы. – 2014. — №23. – 29-37 б.
Даркенов Қ. Қазақ зиялылары және Е.Бекмаханов арасындағы рухани байланыс // Қазақ тарихы. – 2006. — №6. – 54 – 57 б.
Дружинин Н. Бекмаханов туралы естеліктер // Ана тілі. — 1992. — 27 ақпан.
Құрманов Алтынбек. Ірі ғалымның мерейтойы : (Е.Бекмаханов 95 жаста) // Баянтау. – 2010. — №10. – 3 б.
Нұрахметов Ғ. Ғұлама ғалым // Сарыарқа самалы. — 1994. — 16 ақпан
Нұрпейіс К. Бекмаханов пен оның басты кітабы. Қалай жазаланды? // Қазақ тарихы. – 2005. — №2. – 5 — 13 б.
Омарбеков Т. Ермұханның ерлігі: [Е.Бекмахановтың тарих ғылымындағы жанкешті күресі туралы әңгіме] // Ақиқат. — 1998. — N9. – 35 – 40 6.
Сәрсеке Медеу. Сызылған сүреттің сыры : (Е.Бекмаханов туралы) // Қазақ әдебиеті. – 2015. — №8. – 1,4 б.
СӘРСЕКЕ Медеу. Ермұханның «соңғы шайқасы»: (Е.Бекмаханов туралы) // Егемен Қазақстан. – 2015. – 19 ақпан. – 9 б.
Сұбханбердин С. Ермұхан досым есімде // Сарыарқа самалы. – 2005. – 29 қаңтар. – 4 б.
Тәкенов Ә. Ғасыр сынынан өткен ғалым // Қазақ тарихы. — 1995. — N1. – 49 – 53 6.
Тәкенов Ә. Тарих тамыршысы // Егемен Қазақстан. — 1995.- 17 ақпан.-З б.
Тәкенов Ә. Түманды жылғы тұлғалар // Сарыарқа самалы. — 1996. — 15 тамыз
Тұрлығулов Т. Отыз жыл окытылған оқулық авторы //’ Қазақ тарихы. — 1995.- N1. – 54 — 56 6.
Халима Бекмаханова: «Мехнат бізді мойыта алмады» // Егемен Қазақстан. – 2013. – 15 ақпан. – 7 б.
Ысқақұлы Д. Зобалаң немесе қапасқа қамалған рух // Егемен Қазақстан. – 2011. – 4 тамыз. – 5 б.