Қалқаманұлы Бұқар жырау (1693 – 1787)

Қалқаманұлы Бұқар жырау – қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен, атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Бұқар жырау Қалқаманұлы жасынан елге танылып, алғыр жырау ретінде атақ-даңқы алты алашқа жайылғанға ұқсайды сайды. Кейін оның хан сарайы маңында да беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емес еді. Ел өміріндегі ірі мәселелерді шешуде ерекше роль атқарған данышпан. Бұқар Жыpay арабша сауатты адам болған. Жыраудан қалған мол мұрадан бізге жеткені 1200 жол шамасында. Олар ХІХ-ХХ ғасырларда ел аузынан жиналған.

Бұқар жырау шығармалары өткір әлеуметтік мазмұнымен суарылып отырған. Қалмақ басқыншылығы тұсында жырау шашырында елдің басын біріктіріп, қанқұйлы жауға тойтарыс беретін басшының қажеттігін түсіне білді. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдады. Бұқар жырау Абылайдың іс-әрекеттерін асыра ақтап, оның асқақ бейнесін жасауға дейін («Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда» т.б.) барады. Алайда, жырау ханның барлық іс-әрекет, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қостай бермеген. Үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі келелі кеңеске көнбеген ұста ол ханды аяусыз сынап, ашы шындықты бетке айтып отырған, Бұл тұста біз жыраудың көрші орыс елімен соғысуды ойлаған Абылайға тоқтау айтып, болашағы зор елмен тату-дос болуға шақырғанын көреміз.

Бұқар жыраудың болжау-толғауларынан («Ханға жауап айтпасам», «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында») заман, дәуір, болашақ туралы қорытынды ой-пікірлерін айқын аңғарамыз. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. Жырау патша үкіметінің отарлау саясатына күдікнен қарап, оның ішкі мәніне тереңдеп ой жүгірте алмады. Дегенмен, Абылайдың орыс елімен достық қарым-қатынаста болуына елеулі үлес қосты.

Жыраудың толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7-8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орындалады. Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Бұқар қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл.

Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Р. Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген.

Бұқар жыраудың есімімен Қарағанды облысының бір ауданы аталған. Қарағанды қаласында Бұқар жырауға арналған ескерткіш қойылған. 2003 жылы 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші ашылды.

 

Әдебиеттер:

 

Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары. – Алматы, 1992. – 94 б.

Бұқар жырау. Шығармалары // Нар мен зар заман поэзиясы. – Алматы, 2002. – 45 – 58 б.

Қалқаманұлы Б. Ай, Абылай!:  Толғаулар. – Алматы, 1993. – 96 б.

Жеті ғасыр жырлайды. 2 томдық: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / құраст. : Е.Дүйсенбайұлы, сүретші Т.Мұқатов. – Алматы: Жазушы. – 2008.

Т.1: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. – 400 б.

Т.2: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. – 2008. – 528 б.

* * * * *

Ақылғой абыз // Дала даналары. – Алматы,2001. – 248 – 298 б.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1998-1781) // Баянаула. – Алматы: Фолиант, 2001. – 88 – 89 б.

Бұқар жырау // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 258 – 230 б.

Омари Ж. Бұқар жырау. Он екі тарих. – Қарағанды, 1994. – 333 б.

Омари Ж. Бұқар жырау. Ғұмарнама. – Астана: Фолиант, 2008. – 360 б.

Бердібай Р. Ақылгөй абыз (Бұқар жырау (1668-1787) // Дала даналығы. – Алматы, 2001. – 284 – 298 б.

Бұқар жырау // Абай: энциклопедия. – Алматы, 1995. – 170 – 171 б.

Бұқар жырау // Бес ғасыр жырлайды. – 2 томдық. / құраст. М. Мағауин, М. Байділдаев. – Алматы, 1989. – 1 т. – 81 – 106 б.

Бұқар жырау // Қазақ әдебиетінің тарихы. – Зт. – Алматы, 2000. – 386 – 418 б.

Бұқар жырау // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – 6 т. – Алматы, 1999. – 2 т. – 456 – 459 б.

Бұқар жырау // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1989. – 189 б.

Бұқар жырау // Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет: хрестоматия. – Алматы, 1993. – 71-104 б.

Бұқар жырау Қалқаманұлы // Қазақтар. Көшпілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. – Алматы, 1998. – 2 т. – 331-333 б.

Бұқар жырау поэтикасы // Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика:  (оқу құралы). – Алматы, 2001. – 27-37 б.

Бұқар жырау // Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы, 2001. – 161 – 171 б.

Даналардың данасы // Қ.М. Алдабергенов, Е.М. Арын, Б.Т. Баткеева. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, 2003. – 142 – 146 б.

Қуанғанов Ш. Бұқар жырау және оның заманы. – Алматы, 1992. – 48 б.

Баянаула дуаны: тұлғалары, тарихы, мәдениеті: Баянауыл сыртқы округінің ашылуына 180 жыл толуына орай өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары 4-5 тамыз. – Қарағанды: ҚарМу баспасы, 2006. – 390 б.

Бұқар жырау / құраст. А. Бәделхан; Бұқар жырау атындағы Павлодар обл. әдебиет және өнер музейі.- Павлодар: ЭКО, 2003. – 240 б.

Жеті ғасыр жырлайды. 2 томдық: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / құраст. Е.Дүйсенбайұлы, сүретші Т.Мұқатов. – Алматы: Жазушы. – 2008.

Т.1: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. – 400 б.

Т.2: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. – 2008. – 528 б.

* * * * *

Әбсадықов А. Бұқар жыраудікі дейміз бе, халықтыкі дейміз бе?//Ақиқат.– 2005. – №9.– 23 – 30 б.

Баязитов С.Бұқар жыраудың кейбір толғаулары жайында //Найзатас.– 2013.- №5. – 178 – 190 б.

Жақсыбаев С. Қазақтың ұлы жырауы //Сарыарқа самалы. – 2000. – 12 желтоқсан. – 10 б.

Мұхаметханұлы Қ. Бұқар жырау // Қазақ әдебиеті. – 1993. – №15. – 8-9 б.