Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892-1938)

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892-1938) – режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам жөне театр қайраткері, Қазақ КСР-інің халық әртісі.      Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Желтау маңында дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Жас кезінен Ж.Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өскен. Әсіресе, Қоянды жөрмеңкесіне барып, халық думанын тамашалау – оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырады. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. 1913 жылы Омбыға келіп, күнкөріс қамымен біраз уақыт зауытта жұмыс істейді. Мұнда С.Сейфуллинмен, Н.Нұрмақовпен және Б.Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді. 1915-1916 жылдары есепшілік курста оқып бітіргеннен кейін зауытта есепшінің көмекшісі болып қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ Ж.Шанин майдан жұмысына тартылады. Одан туған ауылына 1917 жылы оралды. Сол жылдан бастап Қарқаралының уездік кооперативінде есепші қызметін атқарды. 1921-1922 жылдары Павлодар уезі комитетінің мүшесі, 1922 жылы Зайсан уездік атқару комитетінің төрағасы, 1923 жылдан Семей губерниясы атқару комитетінің және Қазақ КСР ОАК мүшесі болып, тағы басқада жауапты орындарда қызметтер атқарған.Саяси-әлеуметтік және қоғамдық істерге белсене қатысу Ж.Шаниннің ой-өрісін кеңейтіп, кейінгі режиссерлік, әрі жазушылық қызметіне игі ықпал жасады. 20-жылдары Семейде «Ес-аймақ» группасын басқарды. Режиссерлік өнер жолын осы группадан бастаған Ж.Шанин халық жыры негізінде жазылған.

Әдебиеттер:

Жұмат Шанин // Әшірбек С. Актер әлемі. – Алматы,2008. – 3 – 10 б.

Жұмат Шанин // Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғау. – Алматы,2006. – 25 – 37 б.

Жұмат Шанин // Сығаев Ә. Жарнама алдындағы оә. – Алматы,1993. – 109 – 113 б.

Қазақ театрының тарихы. – Алматы,1975. – 136 – 152 б.

Қазақ театр өнерінің тарланы // Алдабергенов Қ.М., Арын Е.М.. – Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар,2003. – 291 – 294 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Баянаула. – Астана, 2001. –  92 – 93 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы //Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы,

2013.– 726- 727 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақ өнері: энциклопедия. – Алма­ты, 2002. – 735 – 736 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақстан жазушылары. XX ғасыр. Алматы, 2004. – 333 – 334 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазакстан ыкшам энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 2005. – 531 б.

Шанин Жұмат Тұргынбайұлы // Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. — 629 – 630 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақстан. ¥лттық энциклопедия. 10 т. – Алматы, 2007. 9 т. – 436 – 437 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Баянаула перзенттері. 1-кітап. – Пав­лодар, 2008. – 44-45 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы// Қазақстан жазушылары: анықтамалық. Алматы, 2009.- 422 б.

Жұмат Шанин. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 197 б. – (Кереку-Баян кітапханасы; «Рухнама»; 22-кітап)

Жәмінов Н. Құтты аймақ (Ж.Шанин елінің ұрпақтар сабақтастығы): Тарихи-танымдық естелік кітап / Н.Жәмінов, Ж.Жәмінов. – Павлодар, 2012. – 179 б. + ил.

Сатаев А. Төл тарихымыздың тұнығынан. – Алматы: Қайнар, 2009. -264 6.

* * * * *

Қабылбеков Е. Кейінгі ұрпаққа үлгі болар еді.. // Сарыарқа самалы. – 2015. – 26 мамыр. – 4 б.

Нұрғалиев Р. Қазактың тұңғыш режиссері: [Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат   Шанин жайлы] // Халык кеңесі. – 1992. – 15 мамыр

Тұрғанбекұлы Ж. Тұңғыш режиссер туралы // Сарыарка самалы. – 1993. – 19 тамыз

Шанин Жұмат. Хан мен уәзір (Ескілікті сөз) // Таң-Шолпан. – 2001. – № 3. – 140 – 141 б.

Қалиев Қ. Жұмат Шанин – тұңғыш режиссер // Сарыарқа самалы. – 2002. – 20 тамыз. – 6 6.

Уанасова Д. Үлттық театрдың негізін қалаған: [Қазақтың драма, опера әртістерінің алғашқы буынының ұстазы – Жұмат Шанин туралы] // Заман-Қазақстан. – 2002. – 23 тамыз. – 12 б.

Сейтметов К.М. Ж. Шаниннің қазақ актерлік өнеріне әкелген жаңа бағыты //Ахмет Ясауи университетінің хабаршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – 2003. – № 3. – 208 – 213 6.

Құндақбаев Б. Жұмат Шанин //Абай.-2010. -№ 4. – 35 – 41 б.