Қазанғап Сатыбалдыұлы (1771-1856)

1771ж. Баянауылда дүниеге келген-1856 ж. Қайтыс болған. Орта жүздің белгілі биі. Арғын руының бәсентиін және бөрі  тармағының басшысы. Ресей патшасының қолынан капитан шенін алған (1810), кейінен штабс-капитан шенін иеленіп (1817), майор (1833) болған. Владимир алтын медалімен наградталған (1842).1843-1848 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны. Қазанғап орысша жақсы білген.Сондықтан Батыс Сібір губернаторы мен Омбы облысы басшылары қазақ даласындағы істері бойынша алдымен осы Қазанғаппен байланысып отырған. Баянауыл оқругін құру үшін өзінің билігіндегі бәсентиіндермен көрші бура-наймандарды осы округке кіруге көндіреді. Сөйтіп жаңадан округ ашуға қажетті мөлшерде түтін санын қамтамасыз етуде ол көп еңбек сіңіреді. Ол дуанбасы болған бес жылға жуық уақыттың ішінде округ көлемінде жер асты кең байлық көздері ерекше мол ашылады. Ел ішінде бейбіт өмір, тыныштық орнайды. Қазанғаптың жерленген жері қазіргі Ақсу ауданы, Қ.Қамзин атындағы шаруашылыққа қарасты Балықшы ауылының жанындағы үлкен қорында орналасқан.

 

Әдебиеттер:

Қазанғап Сатыбалдыұлы // Нухұлы А. Баянаула перзенттері. -1-ші кітап. – Павлодар, – 2008. – 62 б.

Қазанғап (1854-1921) // Әлемдік өнертану. Т. 3. – Алматы, 2009. – 346 – 347 б.