Кәукен Кенжетаев (1916-2008)

25.02.1916 ж. Баянауылда дуниеге келген – 15.03.2008 ж. Алматы қаласында қайтыс болған.

Аудармашы, әнші (баритон), Қазақ КСР Халық әртісі. 1939 -1941 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясында білім алып, 1950  жылы Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1946 жылдары Хабаровск шекарашылар ансамблінде әнші, 1946 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрының әнші солисі болды, 1958 жылы Мәскеу өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің оң күндігіне қатысқан. Тарғын, Жалбыр, Бекежан (Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібегінде»); Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан – Сарасында»); Сүлеймен (Гаджибековтың «Аршын малалаңында»); Эскамильо (Бизенің «Карменінде») рөлдері – Кәукеннің әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар. 1957 жылы кинорежиссер («Жерге қайтып оралуда»), әнші-артист («Біздің сүйікті дәрігерде»), Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн тусада»), Танабай («Тұлпардың ізінде») және т.б. фильмдеріне түскен. Сонымен қатар, Кәукен Кенжетаев аудармашылық қызметпен де айналысқан. Аудармалары: «Фигароның үйленуі», «Сильва» операларың қазақ тіліне тәржімалады. Бірнеше операға либретто жазды, олардың ішінде Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», Т.Мұхамеджановтың «Алдардың айласы» опералары, «Хұсни мен Қорлан» музыкалық комедиясы және т.б. бар.

Әдебиеттер:

Кенжетаев К.Асылдар мен ардақтылар: Естеліктер.-Алматы : Өнер,2002. — 298 б.

Кенжетайұлы К. Егер сурет сөйлесе… – Алматы:Алаш,2004. – 480 б.

Кенжетаев К «Олар жайлы естелік ескірмейді..» // Парасат. — 1998. — №4 – 32 -33 б.

Кенжетаев К.Театрда ажыраспаған екеуміз ғана шығрмыз // Жас алаш.- 2001.-12 мамыр.– 5 б.

* * * * *

Кенжетаев К. Кинорежиссер Мәжит Бегалин: Естелік: — Алматы: Өнер,1994. -112 б.

Кәукен Кенжетаев. Өмір белестері // Бегалин М. : Кітап-альбом. – Алматы: Өнер, 2008. – 48 – 49 б.

Кәукен Кенжетаев. Дархан дарын// Шәкен Айманов: фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2004. – 11 — 12 б.

Кенжетаев Кәукен. Адамгершілік мектебі // Актер және азамат. – Алматы: Өнер, 1982. – 180 – 185 б.

Жігітке жеті өнер де аз // Қ.М.Алдабергенов. Бір туар дара тұлғалар. — Павлодар «Университет баспа орталығы»,2003. – 299 — 303 б.

Кенжетаев Кәукен // Баянаула перзенттері. 1-кітап. – Павлодар,2008. – 414 бет.

Кенжетаев Кәукен // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 380 б.

* * * * *

Кенжетаев Кәукен // Қазақ өнері: энциклопедия. – Алматы, 2002. – 258 – 259 б.

Кенжетаев Кәукен // Тарихи тұлғалар. – Алматы, 2006. – 278 б.

Жігітке жеті өнер де аз (Каукен Кенжетаев туралы) // Алдабергенов Қ.М. Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар, 2003. – 299 – 302 б.

* * * * *

Ағаның берері – бата: (К.Кенжетаевпен сұхбат) // Сарыарқа самалы. – 2005. — 21 мамыр. – 6 б.

Ислам Б. Кәукенге белгітас қойылады // Ертіс дидары. – 2009. — №5. – 1 б.

Кенжетайұлы Кәукен. Мұхаңның сыйлаған әні // папка №68

«Тарлан» -2004: (Кәукен Кенжетаев)// Жас алаш.- 2004.-20 қаңтар.-4 б

«Менмендік жақсылыққа бастамайды»: (К.Кенжетаевпен сұхбат) // Қазақ әдебиеті. – 2006. — №22. – 6 – 7 б.

Смайыл Камал. Қазыналы өнердің серкесі (халық әртісі Кәукен Кенжетаев сексен бестің сеңгірінде де сергек қалпында) // Егемен Қазақстан. – 2001 ( папка №68)

Сығаев Әшірбек. Өмір мен өнер өрісі: (ҚР халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың туғанына – 80 жыл) // Егемен Қазақстан. – 1996. – 24 ақпан

Театрда ажыраспаған екеуміз ғана шығармыз : (85 жас өмірінің 65 жылын өнерге арнаған тарлан, халық әртісі Кәукен Кенжетаевпен сұхбат) // Жас алаш. – 2001

Тұрғанбекұлы Ж. Өнер тарланы жерлестерінің арасында // Сарыарқа самалы. — 1996