Шорманов Мұса (1819-1884)

Шорманов Мұса (1819, Баянауыл ауданы Баянауыл ауыл – 26.12.1884, Омбы қаласы) – Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, би, шешен. Қаржас руынан шыққан атақты би Шорман Күшікұлының үлкен ұлы. Шорман бидің Мұсадан басқа: Мұстафа, Иса, Аужан атты үш ұлы мен Зейнеп атты қызы болған. Шорманов өз заманы үшін жеткілікті білімді, көпке танымал және беделді адам болған. Александр Лукин деген офицердің қолында екі жыл оқып, орысша сөйлеу мен жазуды үйренген ол 1833 ж. Баянауыл сыртқы округі ашылғанда үмбетейлердің болысы болып сайланды, 1843 жылдан округтік қазысы болды. 1844 ж. Баянауылда мешіт құрылысын ұйымдастырып, медресе ашты. 1847-49 ж. Сібірден 60 мыңдай қазақтарды көшіріп әкеліп, округте таратып қоныстандырды. 1854 жылдан – аға сұлтан. Шорманов Мәскеу мен Петербургте екі рет: 1855 ж. Ресей патшасы Николай І қайтыс болғанда, 1856 ж. Александр ІІ таққа отырған салтанатына барған. Қоғамдық істермен белсене араласып, өзінің туған жиені, белгілі ғалым Ш.Уәлихановпен тығыз байланыста болды.

Әдебиеттер:

Әке жолын қуған ұл // Алдабергенов Қ.М., Арын Е.М.. – Бір туар дара тұлғалар. – Павлодар,2003. – 24 – 26 б.

Ғалым туралы //  Жармағамбетов Қ. Азамат жолы. – Алматы,1983. – 227 – 237 б.

Муса Шорманов // Қазақтар. Т.2. – Алматы,1998. – 108 – 109 б.

Мұса мырза Шорманұлы // Баянаула перзенттері. 1- кітап. – Павлодар,2008. – 37 – 38 б.

Шорманов Мұса // Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы, 2013. – 741 б.

* * * * *

Жақсыбаев С. Мұса Шорманов // Сарыарқа самалы. – 2008. – 4 наурыз. – 4 – 5 б.

Қайырбеков Е. Қазақтан шыққан кемеңгер // Сарыарқа самалы. – 2002. – 22 қаңтар. – 6 б.

Кенжеахметұлы С. Сирек кездесетін тамаша адам // Мәдениет. – 2009. – 31 шілде

Мұса Шорман// Сарыарқа самалы. – 2002. – 18 қазан

Төлебаев Ж. Әлемі Мұса Шорманның тәрбиесі // Сарыарқа самалы. – 2013. – 19 қыркүйек. – 19 б.