Оспанов Хабиболла Құсайынұлы (1932-2022)

Оспанов Хабиболла Құсайынұлы  (10.07.1932 ж.т., Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында дүниеге келген).                                            Химия ғылымдарының докторы (1979), профессор (1983), Минералды ресурстар академиясының академигі. Нью-Йорк Ғылым Академиясының мүшесі.

С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1955), Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1964), Д.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтын тәмамдаған (1975), 1955-1956 жылдары Майқайың поселкесінің орта мектебінің химия мұғалімі, 1956-1958 жылдары инженер, 1956-1961 жылдары «Майқайыналтын» комбинатының орталық лабораториясының бастығы,  1965-1976 жылдары сирек элементтер химия кафедрасының кіші, кейін аға ғылыми қызметкері, 1977-1983 жылдары сирек элементтер химия зертханасының меңгерушісі, 1983-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физикалық химия және электрохимия кафедрасының меңгерушісі болды.

700-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 22 монография, 150 авторлық куәліктің және бірнеше патенттің авторы.

Оспанов Х.Қ. // Баянаула перзенттері. Т.1. – Павлодар, 2008. – 330 б.

Оспанов Х.Қ. //Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы, 2013. – 546 б.