Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) – аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін еңгізді.

Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.Баянауылда Қ.И.Сәтбаевқа арналған мұражай бар. Орталық көшеге, Теңдік ауылындағы мектепке осы кісінің есімі берілді.

Әдебиеттер:

Академик Қ.И.Сәтбаев жерлестері жадында / құраст.: Ш.Қожанов. – Алматы: Жибек жолы, 1999. – 104 б. + 6 фотосурет

Есімі ел есінде = В памяти народа: Сборник статей к 100-летию К.Сатпаева. – Павлодар: ЭКО, 2000. – 264 с.

Сәтбаев Қаныш // Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы, 2013. – 641 – 643 б.

ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы // Қ.М.Алдабергенов. Бір туар дара тұлғалар. –

«Университет баспа орталығы», 2003. – 45 – 67 б.

Исабай Қ. Қаныш аға осындай еді… – Алматы,1999.

Қазақтар: Көпшілікке арн. 9 томдық анықтамалық. 2 том: Тарихи тұлғалар/ құраст.Р.

Арын және т.б. – 2 басылым, өңд., толықты. – Алматы: Білік, 2003. – 460 б.

Қаныш аға: жеке тұлға өмірбаяны/ құраст. Ш.Қ Сәтбаева, Ғ.О.Батырбеков,

Ә.Қ.Жармағамбетов. – Алматы: Жазушы,1989. – 400 б.

Қозыбаев М. Тарих зердесі. Екінші кітап: Арыстар тұғыры/ М.Қ Қозыбаев.–Алматы:

Ғылым, 1998. – 280 б.

Сәрсекеев М.  Сәтбаев: тұлға өмірбаяны / М. Сәрсекев.- Алматы: Жалын, 1988. – 528 б.

Сәрсекеев М. Қуғындалған “Сәтбаев” : естелік –эссе / М.Сәрсекеев. –Алматы: Шабыт,

  1. – 244 б.

Сәрсекеев М. Тамаша ғалым, ардагер азамат // Қаныш Сәтбаев: энциклопедия.–

Алматы, 2011. – 15 – 50 б.

Тарихи тұлғалар/ Құраст.: Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. – Алматы: Алматыкітап, 2006. – 37 б.

Сәтбаева Ш. Сәулелі әулет: ғылыми – көпшілік басылым/ Ш.Қ. Сәпбаева.- Алматы: Қазақстан, 1996. – 175 б.

 

* * * *

Адильбекова Х. Академик Қ.И. Сәтбаев және оның Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі /Х.Адильбекова // Сынып жетекшісі – Классный руководитель. – 2008. – №3. – 19 – 21 б.

Айтмағамбетов Е: Тектіліктің бір сыры/ Е.Айтмағамбетов // Ақиқат. – 2007. -№11. – 64 – 70 б.

Аужанова Г. Қаныш Сәтбаев сан қырлы ғалым / Г.Аужанова//  Қазақ тілі мен әдебиеті. -2005. -№5. – 98 – 99 б.

Арын Е. Адамзаттың алыбы-академик Сәтбаев // Сарыарқа самалы. – 2003. – 8 ақпан. – 4 б.

Әлима апамыз – академик Қаныштың анасы // Сарыарқа самалы. – 2008. – 12 сәуір. – 4 б.

Бықай Ф. Түсінер ниет пен ұлттық рух қажет // Егемен Қазақстан. – 2007. – 10 сәуір. – 8 б.

Жұмасұлтанова Ғ. Сәтбаев және елуінші жылдардың басындағы Қазақстанда болған саяси зобалаң // Саясат. – 2000. – №10/11. – 115 – 117 б.

Қожанұлы О. Қанаған ісі жалғасуда // Сарыарқа самалы. – 2005. – 12 сәуір. – 2 б.

Қожанұлы О. Ғылымның жарық жұлдызы // Сарыарқа самалы. – 2007. – 12 сәуір. – 6 б.

Медеу Сәрсекеев: «Қанаш ұлының ұлықтап, өтті менің ғұмырым…» // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 27 қантар. – 2 ақпан (№4). – 4 – 5 б.

Нухұлы А. Қаныш аға, аңыз аға, абызаға..: // Сарыарқа самалы. – 2008. – 12 сәуір. – 4 б.

Сәрсеке М. Қазақ сахарасы // Ақиқат. – 2003. – №2;3. – 70 – 74; 61 – 67 б.

Усов М.А. Қазақ сахарасында // Ақиқат. – 2003. – №2. – 70 – 79 б.