4 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында туған. 1993 жылы Семей қаласында Қазақстан өлкелік фармацевтика техникумын бітіріп, сол техникумда әуелі оқу бөлімінің меңгерушісі, 1935-1938 жж. директор, 1938-1944 жылдары Алматыдағы №1 дәріханасының меңгерушісі, содан соң республикалық дәріханалар басқармасының бастығы болып істейді.
1941-1945 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының Самарқанд, Октябрь, Гвардия аудандарында атқару комитетінің төрағасы, 1945-1948 жылдар аралығында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1948 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің коллегия мүшесі боп тағайындалды. 1950 жылы И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының фармацевтика кафедрасын басқарды. Дәрі-дәрмек тақырыбына көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жазды. Сонымен бірге драмалық шығарма жазумен шұғылданды.
Екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген фармацевті», «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтары берілген.
Әдебиеттер:
Субханбердин С. Дәрі-дертке дауа, жанға шипа. 2 т. — Алматы, 1994.
1 т. — 446 б.
2 т. — 360 б.
Субханбердин С. Дәрі-дертке дауа, жанға шипа. 2 т. — Алматы, 2004.
1 т. — 416 б.
2 т. — 360 б.
Субханбердин С.Х. Қазақстанда дәріханалық істің даму тарихы = История развития аптечного дела и лекарственной помощи в Казахстане. – Алматы, 2004. – 456 б.
Субханбердин С.Х. Елжан: (Пьесалар, эстрадалық шолулар, хикаялар, әңгімелер). – Алматы, 2004. – 320 б.
Субханбердин С. Есірткі — қазіргі заман кеселі. — Алматы: Ғылым, 2002. — 40 б.
Субханбердин С. Шыңдық: пьесалар жинағы. — Алматы: Жалын, 1977. — 140 б.
* * * *
Сұбханбердин Сәлкен // Қаныш Сәтбаев: энциклопедия. – Алматы, 2011. – 496 – 497 б.
Сұбханбердин Сәлкен // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 665 б.