Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893 – 1920)

Абайдан кейінгі ірі тұлға. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тақырып ауқымының кеңейіп, идеялық тұрғысының биіктеп, көркемдік жоғарлауына ерекше үлес қосқан ақын, ағартушы-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданы Павлодар облысында туған. Әкесі Шоқпыт (Әбубәкір) кедей шаруа болған. Торайғыров әкесінен алғаш азкем сауатын ашып, 13 жасында молдадан оқиды. Сол кезде өлең жаза бастайды. 1911 жылы Троицкіден жаңаша білім алып келген Нұрғалимен кездесу Торайғыровтың өміріне айтарлықтай өзгеріс әкелді.

Ол халқын оқуға, білімге үңдеген ағартушы. Адамдық табиғаты жағынан алғанда күрескер, дүниеге көзқарасы жағынан алғанда, гуманист, демократ, философия, әдебиет тұрғысынан алғанда сыншыл, реалист жазушы. Торайғыров қазақ поэзиясындағы дәстүрлі философиялық бағытты дамытқан жаңашыл адам. 1912 жылы ақындыққа ден қойған. 1912-1913 жылдары «Оқып жүрген жастарға», «Талаптарға», «Оқудағы мақсат не», Анау-мынау», «Жарлау», «Досыма хат» т.б. өлеңдер жазады.

1913-14 жылдардың қысында «Айқапта» хатшылық қызмет істеп, жазғандарының бірқатарын журналға жариялады. Шығармаларының аздап болса да баспасөз бетін көруі, жұртшылыққа ақын ретінде біраз танылуы Торайғыровтың ақындыққа сенімін арттырып, болашақ өмірін сол жолға бағыттай түседі. 1914 жылы Баянауылда «Щоң серіктігі» атты ағартушылық ұйым ашып, өзі сияқты өнер іздеген жастардың оқуына қаражат жинамақ болады. Осы тұста «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Ләнет бұлты шатырлап», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл» т.б. өлеңдерін жазады.

С.Торайғыров қоғамдық өмір мұқтаж боп отырған мәселелерді өткірлікпен жырлады. Ақын лирикалық кейіпкер арқылы халықтың жаңа қоғамдағы арман-тілегін, адамгершілік мұраттарын шебер бейнеледі. Поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Оның поэмалары дәстүрлі дастандар мен қисса-хиқаядан, өлең-жырлардан мүлдем өзгеше. «Адасқан өмір» поэмасы-ақын шығармашылығының үлкен табысы болды. Жазушы проза жанрында да шығармашылықпен еңбек етті. «Қамар сұлу» романында қазақ әйелдерінің аянышты тағдырын суреттей отырып, қоғамдық өмір шындығын тереңдей ашады. «Кім жазықты?»-қазақ әдебиетінде өлеңмен жазылған тұңғыш роман. С.Торайғыров әңгіме, очерк жанрында да қалам тербеді. Өзіне дейінгі әдебиеттің халықтық, озық қасиеттерін жаңа кезеңде одан әрі дамытып, тың көркемдік ойлармен, идеялармен байытты. С.Торайғыров аз жасаса да, артына қазақ сөз өнерін жаңа белеске көтерген, қоғами мәнді, әдеби кемел туындылар қалдырды. Ол қазақ әдеби сынының негізін салушылардың бірі. Озат идеялы, озық сапалы шығармалар туғызған Сұлтанмахмұт мұрасы жаңа дәуірге дейінгі қазақ әдебиетінің ұзақ жолын лайықты қорытындылайтын үздік үлгі.

Бүгінде ауданның бір шаруашылығы, орта мектеп, аудан орталығындағы Мәдениет үйі ақын есімімен аталған. Ақынға арналған мұражай игілікті істер атқаруда. Палодар мемлекеттік университетінің, үлкен бір көшенің, кітапхананың ақын атын иемденуі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы бір орта мектептің Сұлтанмахмұт атымен аталуы – үлкен мерей. 2003 жылдың 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдыңдағы аланда қоладан бюст-ескерткіші орнатылды.

 

Әдебиеттер:

Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1993.
Т. 1: Өлеңдер. Поэмалар. – 280 б.
Т.2: Романдар. Әңгімелер. Очерктер, мақалалар, хаттар. – 205 б.
Торайғыров С. Шығармалар: 2 т. – Алматы: Жазушы, 1967. – 321 б.
Торайғыров С. Адасқан өмір. Кедей. Жарқынбай. Кім жазықты. Қамар сұлу / С.Торайғыров. Қалың мал / С.Көбеев / Торайғыров С. – Алматы: Рауан, 1992. – 238 б. + CD-ROM.
Торайғыров С. Алаш ұраны: таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2002. – 157 б.
Торайғыров С. Асыл сөз: өлендер. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. – 117 б.
Торайғыров С. Әңгіме, очерк, мақалалар // Қазақ прозасы: хрестоматия. 3 томдық. – Алматы: Ғылым, 2001. – 3 т. – 275-306 б.
Торайғыров С. Дүние дөңгелегі айналады: таңдамалы. – Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2009. – 368 б.
Торайғыров С. Қамар сұлу: Роман // Қазақ прозасы: хрестоматия. 3 томдық. – Алматы: Ғылым, 2001. – 3 т. – 214 – 274 б.
Торайғыров С. Қамар сұлу / С. Торайғыров. Қалың мал / С. Көбеев. Адасқандар / С. Мұқанов: роман. – Алматы: Жазушы, 2009. – 416 б.
Торайғыров С. Қамар сұлу: романдар, поэмалар, өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 240 б.
Торайғыров С. Қымыз: өлеңдер // Бес ғасыр жырлайды. – Алматы, 1989. – 480 –    494 б.
Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры: өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Раритет, 2007. – 208 б.

Торайғыров С. Шағармалар жинағы. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2012. – 488 б.

* * * * *

Сұлтанмахмұт Торайғыров. (1893-1920) // Баянаула. – Астана, 2001. – 93 б.
Сұлтанмахмұт Торайғыров. (1893-1920) // Қазақ прозасы: Хрестоматия. 3 томдық. – Алматы: Ғылым, 2001. 3 т. – 213 б.

Торайғыров Сұлтанмахмұт // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 691 – 692 б.

Сұңғыла жыр сұлтаны: Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) // Дала даналары. – Алматы, 2001. – 541 – 554 б.

Торайғыров // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы,2005. – 507 б.

Торайғыров С. // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – 4 томдық. – Алматы, 1989. – 4 т. – 577 – 579 б.
Торайғыров С. // ҚСЭ. – 12 т. – Алматы, 1977. – 11 т. – 107 – 108 б.

Торайғыров С. // Баянаула перзенттері. 1-кітап. – Павлодар,2008. – 424 б.
* * * * *

Әбдешев М. Е. Қазақ портреттерінің тарихы. Көпшілік танымдық басылым. – Алматы: Алматыкітап, 2008. – 184 б.
Белбаева М. Ә. С. Торайғыров шығармалары тілінің аз сөздігі Әміреев. – Алматы: Ғылым, 1995. – 270 б.
Еспенбетов А. Уақыт өрнегі: мақалалар, ойлар, толғамдар. – Алматы: Інжу-маржан, 2005. – 515 б.
Жеті ғасыр жырлайды. Екі томдық: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / құраст. Е.Дүйсенбайұлы; сүретші Т.Мұқатов. – Алматы: Жазушы
Т.1: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. – 400 б.
Т.2: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. – 2008. – 528 б.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиет: Жоғарғы оқу орындары фил. журналист. фак. студент. арн. хрестомат. оқу құралы / құраст. Қ.Ергөбек.- Алматы: Білім, 1994. – 352 б.
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. 10 томдық / Құраст.: С. Қалиев, К. Аюбай. – Алматы: Сөздік-Словарь
Негимов С. Таным мен пайым. – Алматы: Арыс, 2009. – 240 б.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет / құраст. К. Ергөбек. – Алматы: Білім, 1994. – 352 б.
Өрмелеп шығып күн болған // Алдабергенов Қ. М. Бір туар дара тұлғалар. / Қ. М. Алдабергенов, Е. М. Арын, Б.Т.Баткеева – Павлодар, 2003. – 171-186 б.
Шамкенов А. Ой-толғам: мақалалар. – Павлодар: ЭКО, 2001. – 176 б.
Торайғыров Сұлтанмахмұт: библиографиялық көрсеткіш. – Алматы: Қазақстан, 1975. – 52 б.