Әдебиеттегі Баянауыл

Баянаул в литературе: өлкетану библиографиялық көрсеткіш / құраст. В.Н.Селиванова. – 3 басылым, толықтырылған. – Баянауыл: Баянауыл аудандық кітапхана, 2020. – 61 б. + CD

Көркімен таңдандырар Баянауылдың көп жылдық тарихы бар. Ғалым шамшырақтары әлі күнге дейін Баянауыл ауданы бірнеше атақты адамдардың, философтардың, ғалымдардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ақындар мен жазушылардың Отаны деген ерекше құбылысты түсіндіре алмай келеді. Баянауылдың тарихы туралы, оның ұлы адамдары туралы басылған әдебиеттер аз емес. Көрсеткішке ауылдық кітапхананың, мектеп кітапханасының, мұрағат қорларының әдебиеттері енгізілді.

Бұл көрсеткіштің шығарылымы үшінші, толықтырылған басылым. Көрсеткіш ақпараттық-библиографиялық көмек құралы болып табылады. Мақсаты: кітапханадағы өлкетану әдебиеттерінің қорын ашу. Көрсеткіш материалдар ішкі бөлімдерде әліпби ретімен жүйеленген. Көрсеткіште авторлардың тегі туралы көрсеткіш тіркелген. Жұлдызшамен белгіленген кітаптар сандық форматқа ауыстырылған.

Бұл көрсеткіш Баянауыл ауданының ОКЖ сайтына орналастырылған, осы көрсеткішкі барлық Қазақстандық және алыс-жақын шетел оқырмандары пайдалана алады. Көрсеткіш қалың бұқараға және өлкетануға қызығатын оқырмандарға арналған.

Мазмұны
1. Әдебиеттегі Баянаула тарихы 2. Баянауыл ауданы жазушыларының кітаптары 3. Баянауылдың танымал адамдарына арналған кітап 4. Көркем әдебиеттегі Баянауыл
Әдебиеттегі Баянаула тарихы

Азалы кітап. Атылғандардың тізімдері / құраст. В.Д.Болтина, Л.В.Шевелева. 1-шығарылымы. – Павлодар, 1999. – 228 б. *

Бұл басылымда 30-50-жылдары Павлодар облысының аумағында саяси айып тағылып, құғын-сүргінге ұшырағандардың тізімдері жариялана бастады. Бірінші шығарылымға Павлодар облысында атылғандардың тізімдері кірді.

Алдабергенов Қ., Бір туар дара тұлғалар / Қ.Алдабергенов., Е.Арын, Б.Баткеева. – Павлодар «Университет баспа орталығы», 2003. – 364 б., ил. *

Бұл кітапта Баянауыл өңірінен шығып, соңына өлмейтұғын сөз қалдырған – Бұқар жырау Қалқаманұлы, Көтеш, Жанақ ақындар, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Қ.Тайшықов, Қ.Кеменгеров сияқты көптеген ақын-жазушылардың өмір-жолдары мен творчестволық шеберліктері және туған халқының нұрлы болашағы үшін білектің күшімен қатар білімнің құдіреті арқылы да күресе білген Қалқаман, Сәти, Олжабай, Жасыбай батырлар, Едіге, Айдабол, Шоң, Шорман билермен қатар Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Ш.Шөкин, Е.Бекмаханов, Ж.Досқараев сынды ғалымдардың жарқын бейнелері көрсетіліп қана қоймай, бүкіл қазақ халқының рухани байлығының, яғни өнер мен мәдениетінің де мақтанышына айналған Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Кәукен тектес әнші-күйші, сазгерлердің де ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан дәстүр жалғастығы сөз болады.

Артықбаев Ж. Баянауыл / Ж.Артықбаев. – Астана: Фолиант баспасы, 2009. – 312 б., ил.

Қасиетті қазақ даласындағы таңғажайып табиғатымен дараланатын өлкенің бірі, бірі ғана емес-ау, бірегейі – Баянауыл. «Арқаның қас мандайы» атанған алтын аймақтың тарих тереңінен тамыр тартатын шежіре-сыры да мол. Арғы заманда белгілі би-шешен, айтулы ақындар мен батырлар туған өңірден бертінде берісі алашқа, әрісі адамзатқа аян ғұлама ғалымдар шоғыры өсіп шықты. Бір сөзбен айтқанда, Баянауыл – қай қырымен де ерекше, топырағы асыл, талай талант тудырған қүнарлы өлке.

Баянаула. – Астана: Фолиант, 2001. – 249 б.: сүретті *

Редакция алқасының ерекше көңіл бөліп, ынта көрсетуімен жарықкөріп отырған туынды – «Баянаула» кітабы... Көрсең көзің қызығып, оқысаң жүрегің тебіренер рухани қазына авторлардың үлкен тобының қарымды қаламдарының табымен ғасырлар қойнауынан суыртпақтап сыр тартады. Баянауланың тұтас тұлғасын сомдай түседі, тарихи кезеңдерге танымдық шолу жасайды.

Баянаула дуаны: тұлғалары, тарихы, мәдениеті: Баянауыл сыртқа округінің ашылуына 180 жыл толуына орай өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – 390 б.*

Жинаққа Баянаула дуанының құрылуына (1826-33 жж.) 180 жыл толуына орай өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның тарих, өлкетану, философия, әдебиет, фольклор тақырыптарын қамтитын баяндамалары мен деректі мақалалары енді.

Баянауыл аңыздар мекені = Баянаул – земля легенд = Bayanaul, land of legends: фотокнига ; сост. А.А.Сытин. – Павлодар: ЭКО, 2008. – 284 с., ил. (на каз., рус., англ. яз.)

Этот фотоальбом не только покажет любимые уголки природы на фотографиях, но и приоткроет тайны местных легенд и сказаний, познакомит с историей края и его сегодняшним днем, расскажет об известных людях, народных традициях и праздниках

Баянауыл арқаның асыл моншағы = Баянауыл жемчужина Казахстана: фотоальбом. – Павлодар: Профи, 2013. – 200 с.

Книга покажет любимые уголки природы на фотографиях, познакомит с историей края и его сегодняшним днем, расскажет об известных людях.

Баянауыл дала және таулар мекені = Баянауыл край гор и степей: фотоальбом. – Павлодар, 2013. – 49 б.

Баянауыл – сұлулық әуені = Баянаул – мелодия красоты: фотоальбом. – Экибастуз, 2008. – 176 с.

Книга-фотоальбом посвящен природе, традициям и обычаям удивительного края Баянаул, жемчужине Павлодарского Прииртышья.

Баянауыл: фотоальбом. – Павлодар, 2006. – 34 с.

Баянаула перзенттері. 1-кітап. – Павлодар, 2008. – 568 б., ил.

Бұл кітаптың негізгі мән-мазмұны қазақ халқының киелі де қастерлі жері – Баянаула өңірінің перзенттерін кеңінен таныстыру. Өмір көшінің әр заманында бұл өңірден шыққан тұлғалар тұтастай һазақ тарихының немесе қоғам дамуының қай саласына болса да – ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің даму үрдістеріне әсер етіп, өшпес іздерін қалдырған. Осы тұрғыдан алып қарағанда тұлғалар тарихының ұрпақ үшін маңызы зор. Сондықтан да бұл кітапта Баянаула жерінен шыққан, елге ерекше еңбек сіңірген және осы өңірге туыстық қатысы бар белгілі азаматтардың қысқаша өмірбаяндары берілген.

Буренков В.М. Баянаул = Баянауыл = Bayanaul / В.М.Буренков. – Алма-Ата: Қайнар, 1979. – 154 с.*

Жақсыбаев С.И., Ниязбеков Қ.Ә., Қазақ жайлы сөз / С.И.Жақсыбаев, Қ.Ә.Ниязбеков. – Павлодар: Сытина баспаханасы, 2013. – 164 бет.*

Осы кітапта Баянауыл тарихы баяндалған.