Оның атымен және пайда болуына байланысты аңыздар көп. Солардың бірінің айтуынша, XVIII ғасырда Олжабай мен Жасыбай батырлар басқарған қазақ сарбаздары Баянауыл ормандарында жоңғар қолын талқандайды. Асулардың бірінде осы күнге дейін жау садақшысының қолынан андаусызда мерт болған Жасыбайдың мәйіті жатыр. Көл мен асу соның есімімен аталады. Келесі аңыз былай сыр шертеді: үш ағайынды Олжабай, Кенжебай мен Жасыбай кімнің күшті екенін сынап көрмек болыпты. Қазір Жасыбай зираты тұрған ескі асудан тас лақтырады. Бірінші кезекті Олжабай алады. Кенжебай лақтырған тас Олжабайды тасының үстіне түсіп, жерге батырады, астынан су шығып, шұңқырды толтыра бастайды. Жасыбай тасы да осыларға қосылып, судың атқылап шығуын жылдамдатады, бірақ тастың үстіңгі жағы судың бетінде қалады, кейін беткейіне ағаштар мен шөптер өсіп шығады. Туристер бұл жерді Махаббат аралы деп атайды, ал көл Жасыбай батырдың есімімен аталады.