Баян-Сулу

Баянауыл-моңғол-түркі шыққан сөз, сөзбе-сөз аудармасы-бай, бақытты таулар. Қазақтардың тарихи аңыздары таулар мен елді мекеннің атауларың екі жастың пәк махаббаты мен кіршіксіз адалдығын жырлайтын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» халық жырының кейіпкері Баян сұлудың есімімен байланыстырады.

Аңыз бойынша Баян сұлудың әкесі Қарабай жыл сайын жолда Қарқаралы, Баянауыл, Домбыралы, моншақты және басқа тауларға ұзақ аялдап отырып, Аягөзден Түменге дейін көшеді екен. Баянға әсіресе әдемі қауырсынды құтандары көп Қазылық таулары ұнайды, сол қауырсындардын өзіне үкілі бас киім- тігеді, таудың аты содан Қарқаралы, Көкшетау тауларында Баян құлаққа жағымды әуен шығатын керемет ағаш тауып алады. Сол ағаштан Баян сұлуға домбыра жасап береді, таудың аты содан Домбыралы. Көрші таулардағы көптеген асыл тастардан моншақ жасалады, тау содан Моншақты. Баянның өзі керемет әдемі болыпты. Оның есіміне «сұлу» сөзі тіркестіріле айтылады екен, ал әкесі ұзақ аялдаған жерге жастар жиналып, қоңысты Баян ауылы-Баянауыл атапты.

Қызының сұлулығын шар тарапқа жайлағанын көріп, көп қалың мал алуға ниеттенген Қарабай бала туғанда досы Сарыбайға берген сөзінен, оның ұлы Қозы Қөрпешпен аттастырған антынан айныйды. Сондықтан көп малымен Сарыбай үйінен алысқа,жаңа шалғайдағы өлкеге көшеді. Сарыарқаны қимаған көптеген ағайындары мен малшылары бөлініп қалады.Оның қасында Баян сұлудан дәмелі жолдан қосылған Қодар ғана. Шөлде жолдан адасып, шарасыздыққа ұшыраған Қарабай Қодарға:

- Көшті шөлден аман өткізсең, Баян сенікі,-дейді.

Аягөз көліне жетіп, ұнаған қоныс тапқан соң күйеу бала тойды тезірек жасауға асықтыра бастайды. Алайда Баян сұлу ызақор, арам, сараң Қодарды ұнатпай, тойды кейінге қалдыртады.

...Күндер мен жылдар өтеді.Ер жеткен Қозы Көрпеш қалындығын іздеп шығады да, ақыры Аягөзде Қарабайдың ауылын табады.Жігіт қойшы болып жалданып, Баян сұлумен танысып, достасады.Баян жүрегі адал, әділ, батыл,қорғансыздарға тірек болатін көңілдегі жігіті- Қозы Көрпеш те қызды сүйеді. «Сенімен бірге болу үщін ештеңеден тартынбаймын»,-дейді ол.

Қозы Көрпеш қарсыласын жеңеді. Алайда Қодар ашық айқаста жеңіліс тапқанмен астыртын күрес жүргізуде. Қыздың әкесі соның жағында.

- Жауларың мерт етеді, олардан аяушылық күтпе, жаным. Тезірек мені бұл жерден әкетші. Туған жерде баспана табамыз, - дейді Баян сұлу сүйіктісіне.

Бірнеше күннен соң Қодар арамзалықпен ұйықтап жатқан Қозы Көрпешті садақпен атып өлтіреді.

Қызының жұбанбай жылағанын көрген әкесі:

- «Жасынды тыйшы, көгершінім. Сыңарың табылар. Қодарға шыққың келмесе, солай-ақ болсын», - дегенде, қыз оған:

- Мен тек Қозы Көрпешті ғана сүйемін, - деп жауап береді.

Баян Қозы Көрпешті Қызыл қияның қасында далаға жерлейді. Қадарға өз қолымен құдық қазып, содан бетінің мұңын жуатын су алып шығуды бұйырады. Өзінің ұзын бұрымына ерілген бауды ұстап, құдыққа түсуді өтінеді де, Қодар түсісімен бұрымын кесіп жібереді. Баян сұлуға жақтас тоқсан жігіт тас лақтырып, құдықты бекітіп тастайды.

Жыл өткен соң бабалардың дәстүрімен мерт болған жігітінің жылын беріп, басына мазар орнаттырады. Соның басына шығып, қойнына тығып ала келген қанжарды өзінің жүрегіне салады.

Ұзын құлақ Баян сұлудың қайғылы қазасын қазақ даласына ілезде таратады. Оны танитындар да, естігендер де мұңайған. Әрбір қадамын, әрбір сөзін еске алады.

Бірде көлде шомылып жүргенде Баян сабынын түсіріп алған.

- Суының жұмсақ болғандығы содан емес пе екен? – деседі кісілер.

Көлді Сабынкөл деп атауға дағдыланып кетті.

Марқұмның құрбылары бала кездерінде таулардың бірінің беткейінде Баян сұлудың бұрымын тарақпен тарағандарын еске алады, содан тау Тарақ аталады. Ең биік те әдемі шыңын Баянның құрметіне Ақбет атандырған. Баян жақсы өлең айтып, салт ат жүруді ұнататын. Бірде бұлақ басында демалғанда шідерін ұмытып кеткен, бұлақ содан Шідерті. Солтүстік-шығыстағы бұлақ басында ән айтуды жақсы көретін, сондықтан Өлеңті аталды.

Ауылдың маңындағы таулар әлімсактан Баянтау аталады, әлі де солай. Туристік соқпақтармен Баянауыл тауларын аралаған адамдарды табиғат туындылары тандадырмай қоймайды. Есте жоқ заманда алып мүсінші еңбек еткен тәрізді. Адамдардың қиялы кейбіреулеріне жан бітіріп, халық аңыз-әңгімелерінің кейіпкері етті.