Аңыздың айтуынша, осы өлкені аптасына бір рет маңайдағы ауылдардың әдемі қыздарын алып кететін қатыгез, қан құмар айдаһар мекендепті. Соғыстан оралған ержүрек батыр айдахарды жекпе-жекке шақырады. Аяусыз ұрыс екі күн, екі түнге ұласады. Үшінші күні олар біраз дем алмақ болады. Айдаһар жартасқа өрмелеп шығып, тырнақтарын тасқа қадайды. Жартастың бетімен қан тасқыны ағады. Айдаһар маңайына көз салса, көл буырқанып, қарағайлар жақтырмай шулап, таулар түнеріп, төңірегі өзіне жек көрінішпен қарап тұр екен. Ал шаршаған батыр жерге бауырын төсеп жатады. Бетін самал жел аймалап, шөп сыбдырлайды. Сусын ішкісі келеді. Сонда ол: «туған жер, ұлыңның шөлін қандыршы», - дейді. Жер тесіліп, батырдың аяғының тұсынан таза бұлақ шығады. Батыр ішіп, күші үш есе артады. Соңғы айқаста айдаһардың жүрегін тесіп өлтіреді. Айдаһар үлкенді-кішілі бөлщектерге бөлініп, тас болып қатып қалады. Тасты тырнақтары мен қанының ізі қалып қайыпты. Ал қасында батырға күш берген бұлак атқылап жатыр.