Жақсылықтың мерейі үстем

Бір кезде Торайғырдан Собындыкөл мен Аққелін алқабына баратын жол Қалпақтастың қасынан өтетін. Сонымен Жайлауға мал айдайтын, товар артқан керуендер жүретін, қонаққа баратын, Қаржас руының ірі байы, сараң да өткемшіл Тасбас сансыз малының өрісін кенейтпек болады.Сынықтан сылтау тауып, Айдабол руының ауылдарының оңтүстік-шығысқа, Торайғыр көлінің ар жағына қоныс аударуын талап етеді. Олар орынсыз көнбей қанды шайқас басталады. Тасбастың қарындасы, тоғыз баланың анасы Көгершін мұны естіп, жауласушыларды бітістіруге ұрыс орнына асығады. Ауылдан ат табылмай, жүрісі шабан түйеге мінуіне тура келеді. Сонда Көгершін құс айналып, шайқас дабыры жаққа қарай ұша жөнеледі.